Спорт

Петропавлда волейболдан ел чемпионаты басталады

Жарыстың бірінші кезеңінде 2015 жылғы ел кубогының жеңімпазы – “Атырау”, республикалық және халықаралық сайыстардың жүлдегерлері хромтаулық «ТНК-Казхром» және жергілікті «Есіл СК» құрамалары өнер көрсетеді. Сонымен қатар, бұл тізімге турнирдің алғашқы қатысушылары – шымкенттік “Динамо-Қазығұрт” құрамасы да қосылып отыр. Аталмыш команда сайыстың бірінші күнінде атыраулықтармен кездесіп, 3-те 2 есебімен жеңіліс тапты. Чемпионат барысында 6 ойын өтеді. Нәтижесі алдымыздағы жексенбі белгілі болады.

Мамаш Омаров – жарыстың бас төрешісі:

-Барлығы 4 команда қатысып жатыр. Дайындықтары жақсы. Петропавлдағы ойын аяқталған соң құрамалар екі аптадан соң тараз қаласында кездеседі. Ол жерде А және В топтарының ойыншылары бір-бірімен кездеседі.

 

Айгерим Ержанова