Konstitutsia banner mobile

Қоғам

Өрт сөндіру қызметкерлері ант қабылдады

Мадияр Жантілектің жасы биыл 25 ке шықты. Жерлесіміз өрт сөндіруші мамандығын бала күнінен армандапты. Төтенше жағдайды ауыздықтап, адам өміріне араша түсу өте жауаптылықты қажет етеді. Осыны жақсы түсінген Мадияр болашақта өз кәсібінің шебері болатынына сенімді.

Мадияр Жантілек – Ақжар ауданындағы №8 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушысы:

-Бүгін біздер үшін маңызды күн. Мемлекет алдында ант қабылдағандықтан өз ісімізде қырағы боламыз.

Ант қабылдау шарасына сайдың тасындай іріктелген жігіттермен қатар өрт сөндіру қызметінің ардагерлері де келген. Ноғай Жамалиев осы салада 31 жыл еңбек етіпті. сала ардагері жастарға өзінің ақылын айтып, қызметте адал болуларын тапсырды.

Ноғай Жамалиев – өрт сөндіру қызметінің ардагері:

-Біздің мамандық өте ауыр. Сондықтан, балаларға тілейтінім – амандық. Отанға адал болындар.

Шара соңы салтанатты маршқа ұласты.

 

 

Култанов Байболат