Қоғам

Жолаушылар тасымалдаумен айналысатын мекемелердің үлгілі жүргізушілері марапатталды

Оған қоса жолаушыларды тасымаладаумен айналысатын мекемелердің тұрғындарға ұсынатын қызметі жақсарып, үлгілі жүргізушілерді ынталандыру шаралары қолға алынуда. “Автобус” жедел алдын алу шарасы аясында жол қауіпсіздігін сақтауға үлес қосқан үлгілі жүргізушілер марапатталды. Олар “Сухов”, “Семенова” жеке кәсіпкерлігі мен “Партнер-авто” ЖШС-гінде ондаған жылдар бойы еңбек етіп келеді.

Галина Семенова, “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығының төрайымы:

 

-Осы шарада 22 м, 26 м және 9-шы бағыт бойынша қатынайтын автобустардың жүргізушілері
алғыс хат пен бағалы сыйлықтарға ие болды. Олар жыл басынан жол ережесін бұзбаған, әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, жұмыстарын адал атқаратын жүргізушілер. Біз жүргізушілер арасында байқау өткізгенде осы критерилерге мән бердік.

Берик Касен