Спорт

Қазанның 17-сі “Қызыл-Жар СҚ” ФК оңтүстікқазақстандық “Мақтааралды” қабылдайды

Айта кету қажет, теріскейлік құрама өзінің 4 кездесуінде қатарынан ұтқан. Соңғы матчта жерлестеріміздің қоржынына үш ұпай салынды. Жалпы қазіргі таңда барлық командалардың турнирлік кестеде орналасуы былай көрсетілген. Ойындардың басты фавориті – “Ақжайық” 50 ұпаймен үздік атануда. Маусымның соңына дейін оралдықтардың әлі бір кездесуі бар. 2-ші орынға 45 ұпаймен теміртаулық “Булат” АМТ жайғасты. Олардың қорында 3 ойын бар. Ал үздік үштікті 44 ұпаймен өскемендік “Восток” тұйықтап тұр. Теріскейлік “Қызыл-Жар СҚ” командасы болса 43 ұпай еншілеп, 4 орынға тұрақтаған. Жерлестеріміз Премьер-лигаға жолдама алу үшін өздерінің қалған үш ойынын тек жеңіспен аяқтаулары тиіс.

 

Риат Шони