Спорт

Жерлес тай боксшылардың жеңісі

Екі елден 160-қа жуық үміткер сынға түскен байрақты бәсекеде Петропавлдың намысын 22 боксшы қорғады. Оның ішінде 7 жасар Кирилл Мелешин команданың ең жас қатысушысы деп танылды. Бұл – жеткіншектің халықаралық дәрежедегі жарысқа бірінші рет қатысуы. Десе де жас спортшы 24 келі салмақ дәрежесінде тамаша өнер көрсетіп, біріншіліктің чемпионы атанды.

Кирилл Мелешин, жарысқа қатысушы:

-Мен тынымсыз әрі тыңғылықты дайындалдым. Соның арқасында жеңіске жеттім. Чемпион атанғандағы сезімімді сөзбен айтып жеткізу үмүмкін емес.

Иван Ван-Хон-Тун, СҚО тай бокс федерациясының директоры:

-Жарыс жоғары деңгейде өтті. Біздің спортшыларға жүлделі орындардан көріну үшін тер төгуге тура келді. Дегенмен, турнир алдында жасаған жаттығуларымыз бен жеңіске деген жігеріміз лайықты бәсеке танытуымызға көмектесті.

 

 

Акбопе Танирберген