Спорт

Петропавлда 16-қазан күні волейболдан ел чемпионаты басталады

Жарыстың бірінші кезеңінде 2015 жылғы ел кубогының жеңімпазы – “Атырау”, республикалық және халықаралық сайыстардың жүлдегерлері хромтаулық «ТНК-Казхром» және жергілікті «Есиль СК» құрамалары өнер көрсетеді. Сонымен қатар, бұл тізімге турнирдің алғашқы қатысушылары – шымкенттік “Динамо-Қазығұрт” құрамасы да қосылып отыр. Чемпионаттың салтанатты ашылуы жұма күні, сағат кешкі 18:00-де “Жеңіс” спортмектебінде өтеді.

 

Култанов Байболат