Кісі тонаған Петропавлдық құрықталды

Құқық қорғау органдары

13:55 14 Қазан 2015

Анна Кожевникова – жәбірленуші:

-Өз пәтеріме жақындап қалғанмын. Бір кезде қайдан пайда болғаны белгісіз бір жігіт шыға келді. Мені теуіп жіберіп, қолымдағы пакетті алып қаша жөнелді. Оның ішінде зейнетақым мен сатып алған азын аулақ заттар болды. Мен оны қайдан қуып жетейін, жасым болса 80-де Сосын бірден полиция шақырдым.

Оқиға орнына бірден жеткен тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, оңай ақша табуды көздеген күдіктіні құрықтаған.

Асылбек Тоқтамысов – Петропавл қалалық ІІБ 1-ші полиция бөлімі бастығының орынбасары:

-Ұсталған азамат 1978 жылғы Петропавл қаласының тұрғыны болып шықты. Бұрын да осындай қылмыс жасағаны үшін істі болған. Қазір ол уақытша қамау изоляторында отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Пысықай өз кінәсін мойындады. Қолды болған қаржыны да жұмсап үлгерген.

-Выследил. Ну, не выследил, просто увидел случайно бабушку. Пошел за ней. Выхватил сумку и забрал.

-Деньги зачем вам понадобились?

-На наркотики.

-Ну и сколько вам в сутки нужно денег на наркотики?

-Две с половиной.

Тәртіп сақшылары осындай жағдай орын ала қалса, еш ойланбастан полицияға хабарлау керектігін ескертеді. Сонда ғана қылмысты жедел ашуға мүмкіндік туады.

Магжан Ахмадина

Бұдан әрі оқыңыз

Көліктік бақылау инспекция маманы парамен ұсталды
Өңірде заңсыз аң аулау фактісі тіркелді
Мамлют ауданының тұрғынынан 200 литр ішімдік тәркіленді
Мамлюткада көлік суға түсіп кетті
2 мыңнан астам жерлесіміз жолда жүру ережесін бұзған
Парамен ұсталған шалақындық полицейге қатысты үкім шықты
Қару-жарақ пен оқ-дәрі қабылдау акциясы басталды
“Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижесі
Апаттық-құтқару құралдарының көрмесі өтті
Полиция қызметкерлері марапатталды
Қос велосипедті ұрлап, сатып жіберген
Өткен жылы полиция қатары 80 жас маманмен толыққан