МТРА жаңалықтары

СҚО статистика департаменті 8 айды қорытындылады

Жыл басынан есептегенде еңбекке қабілетті өңір тұрғындарының 0,4% жұмыссыз ретінде тіркелген. Аймағымызда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 18 912 теңгені құрап, азық-түлік қоржынының құны 11 348 теңгеге жетті. Сегіз айдың ішінде азық-түлік бағасы 1,8 %-ға өсті. Сондағы кондитер, ет, сүт, теңіз өнімдерінің құны 0,2 пайыздан 1,5% -ға дейін жоғарылаған. Жұмыртқа 8,6%-ға қымбаттады.

Керісінше жеміс және көкөніс бағалары айтарлықтай төмендеген. Бұдан басқа өңірдің статист мамандары жанар-жағармай, фармацевтикалық өнімдері мен киім-кешек бағасының өскенін байқады. Сондай-ақ, осы жылы темір жол көлігінің қызметтеріне тариф 13,6%-ға көтерілді.

 

Берик Касен