Әр түрлі

СҚО-да алғашқы қар жауды

-Бүгін міне қар жауды. Бұл дегеніміз енді ұзақ уақыт бойы ақ ұлпа жаумайды. Бірақ, қыстың ерте түскені жақсы. Сазды батпақ күндер болмайды.

-Әрине күннің көзі болғаны жақсы еді. Енді міне қыс та келіп қалды. Оның артынан қақаған аяздар болады.

-Бастысы қыс келмей тұрып егінді жинап алу қажет. Егер осындай ауа райы болса онда диқандарға қиын болады.

Қардың мерзімінен бұрын жаууы – Мәскеу түбіндегі циклон белсенділік танытып, Қазақстанға жетуінде. Синоптиктердің айтуынша бүгін күн жылы болады. Ауа температурасы 0-5 жылылықты көрсетеді. Сондай-ақ, мамандар алдағы үш күн ішінде аймақтың кей жерлерінде жауын-шашын болып, арты қарға ұласады деп болжауда.

Елена Милентьева – СҚО гидрометеорология орталығының инженер-синоптигі:

-Алдағы үш күнде өңірде қалыпты нормада жауын-шашын жауып, арты қарға ұласады. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы суытады. Онда сынап бағанасы минус 3-8 градусты көрсетеді.

Ал күндіз ауа температурасы 3 және 8 градус шамасында жылы болмақ.

 

 

Риат Шони