Балалар

Петропавлда дизайн бойынша байқау-практикум сайысы өтті

Өмірбек Мырзахметов – №3 Саумалкөл қазақ орта мектебінің еңбек пәні мұғалімі, Айыртау ауданы:

-Біз Айыртау ауданынан келдік. Болашақ машинасын жасау барысында әрбір тетіктеріне дейін құраймыз.

Петропавлда жас дизайнерлердің байқауы алғаш рет өткізіліп отыр. Соған қарамастан шараға қатысуға 18 оқушы мұғалімдерімен бірге өтініш білдірген. Олар сайыс шартындағы үш тақырыптың біреуін жеребе арқылы таңдап, сол бойынша жұмыс істейді. Бақ сынаушылардың арасында қала мектептері мен қоса облыс аудандарынан келген дарындар бар.

Олег Гайнуллин – қазылар алқасының мүшесі:

-Қолөнер еңбектерін біз сапасы, эстетикалық талғамы, әдемілігіне қарай бағалаймыз. Оларға жұмыстарын толыққанды аяқтау үшін 3 сағат уақыт бердік. Қатысушылардың арасында Шал ақын, Қызылжар, Айыртау және Жамбыл аудандарынан келген өнерпаздар бар.

Байқау соңында үздік атанған қатысушылар мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Култанов Байболат