МТРА жаңалықтары

СҚО-да өрт оқиғасы 10 пайызға кеміп, адам өлімі 2 есе төмендеді

Өңірде өртті болдырмас үшін қазір төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Айта кетейік, жыл басынан СҚО-да 8 табиғат өрті тіркелген. Онымен қоса қыс та таяп қалды. Бұл мезгілдің қатты болмасына ешкім кепілдік бере алмайды. Осы орайда жер үйдегі пештердің ақауларын жойып, қысқа тыңғылықты әзірленіп алған жөн.

Евгений Журавлев, СҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

-9 айдың ішінде облыс аумағында 533 өрт оқиғасы тіркелді. Тілсіз жаудан 104 млн тг. шығын келді. Биыл өрт оқиғасы 10 пайызға төмендеген, адам өлімі 2 есеге азайды. Тұрғындар отпен барынша абай болу қажет. Өйткені қазан айының бір өзінде 23 өрт тіркелді. Оның 70 пайызы жеке секторларда орын алды. Қақаған қыста қиналмас үшін үйдегі пешті өрт қауіпсіздік ережелеріне сай қолдану қажет.

 

 

Берик Касен