Қоғам

Патриоттық шарадан үлкен әсер алып қайтқандар

Роза Кашенова- «Өнер колледжі-музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат» кешенінің директоры:

-Елбасының «Мәңгілік ел» идеясына арналған форум қатысушылардың бойына ерекше патриоттық сезім ұялатты. Бейбітшілік пен ұлтараралық келісімді, еңбек сүйгіштік пен адалдықты насихаттайтын бұл идея әркімнің жүрегінен үлкен орын алды. «Жыл патриоты» марапатын алған жандардың барлығы да шын патриот болуға лайық деп ойлаймын. Олардың қатарында, өнер иелері, спортшылар және еңбек адамдары болды. Жалпы шара басталғанан-ақ бойымды ерекше мақтаныш сезімі кернеді.

Мән-маңызы зор осынау і­с-шара өте жоғары деңгейде өтті. Форумға­ мемлекетіміздің түпкір-түпкірінен нағыз­ патриоттар жиналды. Олардың мінберден с­өйлеген сөздері, ой-толғамдары кез-келге­німізді бейжай қалдыра алмады», – дейді Роза Кашенова.

Роза Кашенова- «Өнер колледжі-музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат» кешенінің директоры:

-Мұндай шара ең алдымен жастар үшін керек деп ойлаймын. Болашақ ұрпақтың бойына отансүйгіштік, патриотизм сезімидерін ұялату қажет. Нақ солар ертеңгі күні елімізді алға бастайды. Сондықтан осындай шаралардың олар үшін маңызы зор.

Шараға өңірден 8 делегат қатысқан.

 

 

Магжан Ахмадина