Қылмыс

Есірткі саудалағандар қолға түсті

-Граждане, которые здесь проживают, у вас какие-нибудь наркотические вещества?

-до…примерно килограммов 7 – 8, примерно, так, на глаз

Кейін полицейлер қылмыскер тұрып келген пәтерді де тінтіп, есірткінің тағы бір партиясын тәркілеген. Сараптама нәтижесінде табылған зат 9 кг марихуана екені анықталды.

Любовь Компанец – СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының инспекторы:

-Ұсталған азамат ешқайда жұмыс істемейтін Петропавл қаласының тұрғыны болып шықты. Ол есірткіні саудалауды тек жалдамалы пәтерлерде ғана жүргізіп келген. 1990 жылы туылған азамат осыған дейін де есірткі саудасына қатысты қылмыс жасағаны үшін сотталыпты. Ал осы жолы петропавлдық ҚР ҚК 296 бабы, яғни есіркі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін 3 тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір бұл фактіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымнан 260 келі есірткі заты тәркіленген. Солардың 800 граммы – героин.

 

 

Магжан Ахмадина