Ауыл шаруашылығы

Қызылжар ауданындағы “Приишимье” шаруа қожалығы биыл 600 тонна картоп жинады

Александр Дмитриев – “Приишимье” ШҚ директоры, Қызылжар ауданы:

-Осы жылғы көктем айында жауын-шашын мол болғандықтан, картоп егуге біраз қиындық тудырды. Сәйкесінше, өнімді егілуі тиіс мерзімінен кешіктіріп созып алдық. Дегенмен биылғы өнім жылдағыдан кем болмады. Пісіп-жетілген картоптың келісін 37 теңгеден өткізіп жатырмыз. Алайда, бұл өте төмен баға. Сондықтан әліптің артын бағып – бағаның көтерілгенін күтемін.

Картоп өсіріп-баптауда екі он жылдықтан астам тәжірибесі бар қожалықтың өніміне де сұраныс азайған емес. Біздің арнаның түсіру тобы барған уақытта картоп тиелген жүк көлігі Алматы қаласына аттанғалы тұрды. Кәсіпкер қол астындағы жұмысшыларының жағдайын жасауды да назардан шығарған емес.

Наиль Шакиров – “Приишимье” ШҚ механизаторы, Қызылжар ауданы:

-Александр Дмитриев қарамағында әр жұмысшының жағдайын ойлап, үнемі қол ұшын беріп тұрады. Жұмысымыз жаман емес. Өз басым осы шаруашылықта еңбек етіп жүргеніме 10 жылдан асты.

Жеке кәсіпкер келер жылы картоп отырғызатын егіс алқабын ұлғайтуды ойластырып жүр.

 

 

Бакыт Садуакасов