МТРА жаңалықтары

Қызылжар ауданында аналар кеңесінің жиыны өтті

Алмагүл Партизанның 5 баласы бар. Атажұртына 2007 жылы Монғолиядан қоныс аударған азаматша еліміздің қарыштауына жастардың қосар үлесі зор Сондықтан, баланың бойына ана тілі, туған жерінің тарихы сынды құндылықтарды кішкентайынан сіңіру қажет дейді.

Алмагүл Партизан, Бәйтерек аулының тұрғыны:

-Қызылжар ауданының нәзікжандылары болып әрқашан кеңесіп, ақылдасып, пікір алмасып отыратын мұндай ұйымдар керек-ақ. Ендігі уақытта аналар кеңесінің мүшелері білгілі бір уақытта жиналып отырады.

Жиын барысында қатысушылар елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір үйдің баласындай тұрып жатқанын, мұның бәрі де өзара сыйластық пен татулықтың айнасы екенін тілге тиек етті. Ал, ұйымның басты мақсаты жайында Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Күлімкөз Смайылова баяндады.

Күлімкөз Смайылова, Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы:

-Біз бұл ұйымда қыз баланы болшақ ана ретінде тәрбиелеу, отбасындағы келеңсіздіктер, балалардың отансүйгіштігі жайлы әңгімелесеміз. Мұндай мәселелердің түйінін шешуге тырысамыз.

Алдағы уақытта Облыстық ҚХА жанындағы аналар кеңесі әр ауданда құрылмақ. Өйткені, бір қолымен бесікті, екіншісімен әлемді тербеткен жандардың қоғамдағы орны әрқашан маңызды.

 

 

Акбопе Танирберген