Спорт

Петропавлда облыстық деңгейдегі күзгі кросс өтті

Алдымен ортаға он сегіз бен алпыс жас аралығындағы адамдар шығып 1000 және 500 метр де өз бақтарын сынады. Осыдан соң мектеп жасындағы балалар сынға түсті. Соңғы кезеңде алпыстан асқан солтүстікқазақстандықтар жарты шақырымға жүгірді. Шара соңында белсенділік танытып, көзге түскен спортшыларға мақтау қағаздары табысталды.

Александр Мицих – жарыстың бас төрешісі:

-Өткізіп отырған шарамыздың басты мақсаты – қоғам арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қазір жастардың көбісі жаман әдеттерге бой ұсынып кететіндігі жасырын емес. Сондықтан осы сынды жарыстарды ұйымдастырып тұру, әрине артық етпейді. Бүгінгі кроссқа спорт ардагерлерінің қатысқандығы көңіл қуантады. Жастар оларға қарап бой түзеуі керек.

 

Култанов Байболат