2015 жылдың 9 айында “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ СҚФ 421 жобаны қаржыландырды

Ауыл шаруашылығы

14:08 9 Қазан 2015

Асқар Ахметов, жеке кәсіпкер, Қызылжар ауданы:

-Биыл “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 1 млн 400 мың теңге жеңілдетілген несие алып, ол қаражатқа пилорама, араның бірнеше түрі мен 115 куб отын сатып алдым. Алда осы жерде пилорама цехын ашып, 3 адамды тұрақты жұмысқа аламын.

Мұрат Серекпаев биыл кепілдікке жеке меншігіндегі жылжымайтын мүлігін қойып, “Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” бағдарламасы аясында жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, 6 бас бие сатып алды. Кәсіпкер алда қамбар ата төлін 50 басқа жеткізіп, еті мен қымызын тұрғындарға өткізбек ойы бар. Мұрат Серекпаев бір іске мықтап ден қойсаң болғаны бәрінде ұршықтай иіріп әкетуге болады деп есептейді.

Мұрат Серекпаев, жеке кәсіпкер, Қызылжар ауданы:

-Ата кәсіпті жандандырып, жылқының басын көбейткен дұрыс. Бұған мемлекет барынша қолдау жасап жатыр. Екінші деңгейлі банктерге қарағанда ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ұсынған несиенің пайыздық мөлшерлемесі анағұрлым төмен. Жақынды аудан әкіміне барып, шабындыққа 60 гектар жер сұрамақшымын. Әйтпесе, қазір жем-азық қымбат тұрады. Шүкір техника бар 5 адамды жұмысқа тартып, істі дөңгелетуге болады.

Айта кетейік, “Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” бағдарламасы аясында сауда-саттықтан басқа кез келген кәсіп түрін дөңгелету үшін жеңілдетілген несие алуға болады.

Ильдар Хасенов, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ СҚФ несие менеджері:

-Жыл басынан бері “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ның жергілікті филиалы “Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020” бағдарламасы бойынша 300 кәсіпкердің жобасын қаржыландырды. Қаржы ұйымы кәсіпкерлерге 3 млн. теңге сомасындағы қарызды 54 айға береді. Жылдық сыйақы ставкасы небары 6 пайыз. Бұл жеңілдікке кез келген азамат иек арта алады. Тек оның кепілдікке қоятын мүлігі мен бизнесті жүргізетін құлшынысы болса болғаны.

Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ның жергілікті филиалы құны 1,3 млрд. теңгенің 421 жобасын қаржыландырыпты.

Берик Касен

Бұдан әрі оқыңыз

Диқандар 4,8 млн тоннадай дәнді және дәнді бұршақ дақылдарын жинады
Орақ науқаны аяқталуға жақын
Биыл өңірде 80-нен астам мал ұрлау фактісі тіркелген
Күзгі көкөніс жинау жұмыстары
Ауыл шаруашылығына 79 млрд теңге инвестиция құйылды