Спорт

24-ші республикалық чемпионаттан жерлес 3 боксшы жүлделі оралды

Евгений Павлов – бокстан өткен ХХIV республикалық чемпионаттың 1-ші орын иегері:

-Кілең мықты жасөспірімдер жиналған чемпионатта 4 кездесу өткіздім. Алғашқы екі раундты мерзімінен бұрын аяқтадым. Мені осындай дәрежеге жеткізген баспкерлеріме алғысымды білдіремін.

Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жезқазғандық қос интернационалист-жауынгердің құрметіне арналған чемпионатта тағы 2 боксшымыз күміс және қола жүлделерді еншілеген. Еліміздің әр аймағынан жиылған 180 былғары қолғап шеберлерінің арасында ұйымдастырылған жарыста өңір спортшылары жеңіске жету жолында барын салды дейді бапкерлер.

Денис Языков – СҚО бокстан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы:

-Турнирге теріскейден 9 боксшы қатысты. Оның 3-уі өз салмақ дәрежелерінде жүлделі орындарға ілінді. Сайыста спортшылардың барлығы біздің боксшыларға лайықты қарсылық көрсетті.

Қазір спорт мектебінің бапкері Денис Языков жаттықтыратын боксшылар қазан айында өтетін “Жетісу кубогы” турниріне қызу дайындық үстінде.

 

 

Бакыт Садуакасов