Дәурен Қазбеков – СҚО IIД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
-Ағымдағы жылдың 9 айында алкогольге қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 186 әкімшілік құқықбұзушылық анықталады. Аталған бағытта жұмыс жалғасатын болады және ұдайы бақылауда.
Айту керек, көлеңкелі бизнеспен айналысатындар заңды түрде кәсіп жасап жүргендердің жұмысына кедергі келтіруде.
Тахир Гусейнов – «Петропавл арақ зауыты БН» ЖШС директоры:
-Алкогольдік өнімдерді сатумен заңсыз түрде айналысатындар бізге, әрине кері әсерін тигізеді. Бәсекелестік туғызады ғой. Сондай-ақ, өңір экономикасын дамытуға еш үлес қоспайды. Мәселен, біз бүгінге дейін 120 млн теңгеге жуық салық төледік. Осы арқылы облыс бюджетін толықтырдық.
Сондай-ақ, бұл жиында өңіріміздің 12 ауданының тәртіп сақшылары бейнебайланысқа шығып, облыстық ІІД-нің бастығы Берік Біләловтан рейдтік шараларды күшейту туралы тапсырма алды.
Айгерим Ержанова