Қоғам

Қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы жалғасуда

Бүгін олар 2-ші топ мүгедегі Алтын Есенбекованың шаңырағына бас сұқты. Жалғыз басты нәзікжандыға – денсаулығына байланысты дүкеннен ауыр заттарды әкелу қиынға соғатын көрінеді. Сондықтан қыс алдында бір қап ұнды үйіне әкеліп берген азаматтарға алғысы шексіз. Бастысы сыйлық емес, бүгінгі ұрпақтың бізді ұмытпай қарайлап тұруы дейді зейнеткер.

Алтын Есенбекова, зейнеткер, 2-ші топ мүгедегі:

-Әр мереке сайын сыйлықтарымен қуантып, құттықтап тұратын азаматтарға алғысым зор. Бүгінгі әкелген ұннан жақсылап бауырсақ, тоқаш пісіретін боламын.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері келесі кезекте базарлықты 85 жастағы тыл ардагері Афимья Николаевнаның үйіне жеткізді. Бүгінде жалғыз ұлынан айырылған қарияға қарайласып тұратын әлеуметтік қызметші тағайындалған. Мұның бәріне нәзікжанды дән риза.

Афимья Неделенко, зейнеткер:

-Әлеуметтік қызметші келіп үйімді жинайды, дәрігерге апарады, азық-түлік әкеліп көмектеседі. Кеше дәрігерім келіп, қарттар күнімен құттықтап, тексеріп кетті. Назардан тыс қалып жатқан жоқпыз. Бізге қарайласып отырған облыс және қала әкімдеріне білдірер алғысым зор.

Облыс орталығында шарапаты мол айлық төңірегінде бұдан өзге де атқарылған шаруалар аз емес.

Алима Бекназарова, Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі:

-Аталған айлық аясында бөлінген 10 тонна ұнды мүгедектер мен жалғызбасты зейнеткерлерге таратып жатырмыз. Медициналық-әлеуметтік мекеме тәрбиеленушілеріне де қол ұшын созып, бірқатарын аралап шықтық. Сондай-ақ, 1-ші қазан күні “Қазахтелеком” АҚ өз зейнеткерлері мен ардагерлеріне арнап 200 кісілік дастархан жайды. Қаламыздағы барлық Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ақшалай сыйлық табысталды.

Айту керек, бүгінгі күні Петропавлда 40 мыңнан артық зей­неткер, 10 мыңға жуық мүгедек жандар және 134 ҰОС ардагері тіркелеген. Олардың барлығына ­мемлекет тарапынан бөлінетін тиісті жәрд­емақылар мен материалдық көмек түріндегі­ әлеуметтік төлемдер уақытылы беріліп ке­леді.

 

 

Акбопе Танирберген