Ауыл шаруашылығы

Петропавлда кезекті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Бауыржан Құсайынов- Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының орынбасары.

-5 бас сиыр, 3 қой, 1 шошқа етін әкелдік.Өнімдер таза,сапалы. Міне са ғат 10-ға жақындады. Бірер сағаттың ішінде әкелген барлық өнімдердің жартысынан көбін сатып үлгердік.

Қара мал, қой, шошқа еті 850-900 теңге арасында саудаланды. Балықтың түр-түрі де жәрменкеден орын тепті. Енді ауланған су жәндіктерінің келісі 200 теңгеден. Жұмыртқаның ондығы 120 дан қойылыпты. 1 литр сүт 110, қаймақ 660 теңгеден. Омарташылар да балл өнімдерінің бар түрін жайып салған. Алам деушілерге табиғи таза өнімді саудагаерлер 1000 теңгеге ұсынды. Бақша дақылдары да лезде тарап кетіп жатты. Картоп пен қызылша 60, ал қырыққабьат болса 40 теңгеден өткізілді. Ауылдағы ағайын әкелген сапалы өнімді алам деушілер кезекке тізіліп жатты. Бұл сұраныстың жоғары екендігін білдірсе керек.

Жәрмеңкеде 41,8 млн теңгненің өнімі ұсынылды. Бағасы базардағыға қарағанда 10-20 пайызға арзан.

Шыңғысбек Сұлтанбеков- Петропавл қаласы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы.

-Өнімдер сапалы. Арнайы мамандар тексереді.

Жалпы Жәрмеңкеде азық- түлік өнімдерінің 80-ге жуық түрі ұсынылыпты.

 

 

 

Магжан Ахмадина.