Ауыл шаруашылығы

Облыста орақ науқаны қызу қарқынмен жүргізілуде

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қазанның 1-іне берген мәліметі бойынша барлық 3 млн. 210 мың гектар алқаптың бүгінде 2 млн. 703,7 мың гектары орылған. Өңір бойынша егін орағы қызу жүріп жатыр дейді мамандар.

 

Бидайды жинау көрсеткіші де жаман емес. Қолайлы ауа райын ұтымды пайдаланған диқандар бүгінге дейін 2 млн. 571,1 мың гектар жердегі астықты соқтырып, 4 млн. 050,4 мың тоннасын бастырған. Гектар шығымдылығы орташа алғанда 15,8 центнерді құрап отыр.

Риат Шони