Ауыл шаруашылығы

Мамлют ауданының шаруалары орақ науқанын аяқтауға жақын

Николай Полукеев – «Воскресеновка» ЖШС механизаторы:

– Жұмыс таңғы 8-ден басталады. Ауа райы қазір жақсы. Сондықтан, тездетіп, астықты жинап алу керекпіз. Алқапта 5 комбайн жұмыс істеп жатыр. Күн жақсы болса 3-4 күнде бітіреміз.

Кәсіпорындағылар биыл 2 мың 400 га алқапқа бидай егіпті. Соның бүгіндері 1 мың 900 гектарындағы шаруалар тындырылған. Гектар берекелігі 18,5 центнерден айналуда.

Біржан Шәріпов – «Воскресеновка» ЖШС бас аграномы:

– Ылғалдылығы орташа, 3 сыныпты бидай. Кілегейлігі 23 болып отыр. Тұқымдыққа алдық – 1 мың тонна, Омская-36 дайындадық. Тағы Омская-35, Астана тұқымды сұраптарды алдық.

Серіктестіктің қырман басында даладан жеткізілген алтын астықтың күніне 300 тоннасы өңделеді. Жалпы Мамлют ауданының шаруалары егіннің 156 тоннасын қамбаға жеткізіп үлгерген. Бидайдың орташа шығымдығылы гектарынан 16,2 центнерден айналуда.

Василий Лисичкин – Мамлют ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:


– Қазір аудан шаруалары тұқым дайындауға кірісті. Бұл жұмыстың да 83 пайызын тындырып үлгердік. Яғни, 18 мың 300 тонна астық тұқымдыққа қалдырылды. Бүгіндері аудандағы 20-ға жуық шаруашылық орақ науқанын аяқтады. Олар өз техникаларын өзге диқандарға көмек көрсету үшін беріп отыр.

Аудан диқандары ауа райы жақсы болса орақ науқанын 7-8 күнде аяқтауды жоспарлап отыр.

Магжан Ахмадина