Денсаулық сақтау

3-ші қалалық емханада қарттар күніне орай ашық есік күні өтті

Бірақ, емханадағы бүгінгі күн Ұрқия апай үшін ерекше болды. Ақ халаттылар ғимарат табалдырығын аттаған қариялар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды есік алдынан күтіп алып, холестерин мен қан қысымдарын өлшеуде. Зейнеттегі қарт ана Ұрқия Құрмаш үлкендерге көрсетіліп жатқан бұл ілтипатқа дән риза.

Ұрқия Құрмаш – зейнеткер:

– Кеше терапевт дәрігерге жазылып қойғанмын. Ал эндокринолог маманға талон бітіп қалыпты. Бірақ, мына ұймдастырылып жатқан шараның арқасында сол дәрігерге кезексіз қаралатын боламын. Тіпті, емханаға кіре салысымен қан қысымымды өлшеп жатыр. Қариялар мен ардагерлерге бұл акция үлкен көмегін тигізеді. Ықыластарына ризамын. Мұндағы ақ халаттылар мейірімді әрі жұмыстарына жауапты қарайды.

Қарттар күніне арналған акция аясында мамандар әр келушіге ақпараттық қағаз таратып, күтініп, денсаулықтарын сақтап жүруге кеңес берді.

Бүгінде мұнда емделушілерге 73 дәрігер мен 200-ден астам медбике қызмет көрсетуде. Бір айға созылатын акция барысында мамандар 6 мыңға жуық адамды қабылдаймыз деп жоспарлап отыр.

Сәбира Даирова – 3-ші қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары:

– Өздері келе алмайтын қарттарға үйлеріне барып, көмек көрсете аламыз. Сәйкесінше, керекті құрылғыларымызды ала барамыз.

Акция қараша айының біріне дейін жалғаспақ.

Айгерим Ержанова