Қоғам

Қазан – қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету айы

Осыған орай қазанның бірі күні қалада тұратын зейнеткерлерге қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы тегін болады. Ал, 11-інде дәл осындай қолдау мүгедек жандарға көрсетілмек.

Қазанның бірінші жұлдызында мүмкіндігі шектеулі жандарға шаһардағы кез келген мұражай тегін қызмет көрсетеді. Осы күні сағат 14:00-де Қалалық мәдениет үйінде зейнеткерлерге арналған қайырымдылық концерті өтеді. Ал, қазанның 3-і Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында “Мой бедный Марат” атты спектакль сахналанады. Қойылымды тамашалаймын деген қариялар мен мүгедек жандарға есік ашық.

Култанов Байболат