Құқық қорғау органдары

Облыстық Ішкі істер департаментінде дәстүрлі “Парасатты полицей” атты облыстық байқау өтті.

Байқау барысында жалпы, 40-қа жуық полицейдің құқықтық мәдениеті, парасаттылығы, қазақ тілін меңгеру деңгейі сыналды. Сайыс шартына сай, әр құраманың полиция қызметі туралы дайындаған сұрағына қарсыластары аз уақыттың ішінде жауап қайтару тиіс болатын. Нәтижесінде күзет қызметі взводы мен “Жігіттер” шұғыл әрекет ету жасағының мамандары үздік деп танылды. Жеңімпаздар диплом және құнды сыйлықтармен марапатталды. Еске сала кетейік, жарысты өткізудегі мақсат тәртіп сақшыларының патриоттық рухы мен құқықтық мәдениетін көтеріп, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру болып саналады.

Сагыныш Маркашева