Құқық қорғау органдары

Қоғамдағы заңбұзушылыққа “нөлдік төзімділікті” қалыптастыру тақырыбында семинар өтті

Марат Бәшімов – ҚР Президенті жанындағы эксперттік комиссия жетекшісінің орынбасары:

– Азаматтардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруда барлық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің маңызы ерекше. Тұрғындардың сот жүйесі мен құқық қорғау органдары туралы пікір тікелей журналистердің сол мәселеге қатысты ойына байланысты қалыптасады.

Кездесуде облыстағы криминогендік жағдай да сөз етілді. Айталық, жыл басынан бері өңір аумағында 90 мыңға жуық түрлі заңбұзушылықтар тіркелген.

Қайрат Оразалин – СҚО ІІД бастығының орынбасары:

– Облыста құқық бұзушылықтар санын қысқарту бағытында түрлі деңгейдегі аймақтық және республикалық алдын алу шаралары өткізіліп тұрады. Ағымдағы жылы полиция қызметкерлеріне 7 мыңнан аса құқықбұзушылық фактілері келіп түсті. Аталған қылмыстарды ашуға қала мен облыс аудандарындағы бейнебақылау камераларының пайдасы тиюде.

Елордалық меймандар тілшілер қауымынан облыста орын алатын қандай да бір оқиғаның қаншалықты жылдам халыққа тарайтынын сұрады. Өңір журналистері жаңалық жаршысы болғандықтан, кез-келген ақпаратты шынайы жеткізіп келеміз. Бұл мемлекеттік органдармен тығыз әріптестік орнауының арқасы, – деп отыр.

Зәуре Жұмалиева – “Әдiл Арқа” өңiрлiк БАҚ-ты қолдау жөнiндегi қоғамдық қорының төрайымы:

– Қазіргі уақытта облыстағы барлық мемлекеттік мекемелер, соның ішінде департаменттерде баспасөз қызметі жақсы жұмыс істеуде. Жергілікті БАҚ өкілдері қоғамда орын алған оқиғаны шынайы жеткізеді.

Астаналық меймандар “нөлдік төзімділікті” қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды еліміздің барлық облыстарында өткізетін болады.

 

Бакыт Садуакасов