Ауыл шаруашылығы

Теріскейде орақ науқаны қарқынды жүруде

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қыркүйектің 28-не берген мәліметі бойынша – биыл дән сіңірілген 3210 мың гектар алқаптың – 2525,2 мың гектарында егін орылған. Бұл жалпы алқаптың 78,7 пайызы. Алтын дәнді бастыру көрсеткіші де жаман емес. Қолайлы ауа райын ұтымды пайдаланған диқандар бүгінге дейін 2381,4 мың гектар жердегі егінді жинап алған. Өңір аудандарындағы гектар шығымдылығы 15,3 центнерді құрап отыр.

 

Бакыт Садуакасов