Аптадағы маңызды жаңалықтар

Солтүстікқазақстандық құс фабрикасы өз өнімін Ресейге экспорттауды қайта жандандырмақ

Бүгінде 6 өнеркәсіптік цехта 400 мыңға жуық голланд тұқымындас мекиен тауығы өсіріледі. Құстарды күтіп-баптауға жайлы жағдай жасаудың нәтижесінде соңғы бірнеше жылда өндіріс көлемі біршама артқан. Қазір мұнда айына 8 миллионға жуық жұмыртқа алынады. Құс фабрикасындағы өндірісінің үдерісі ұсақ-түйегіне дейін қарастырылған. Өнім конвейермен сұрыптау цехына келіп түседі. Кейін мұнда автоматты түрде 6 категорияға бөлінеді. Жалпы күніне бұл машинадан 350 мыңға жуық жұмыртқа өтеді.

Вера Ленц – “Фирма Алекри” ЖШС құс кешенінің қойма меңгерушісі, Қызылжар ауданы:

–  Бұл машина жұмыртқаларды салмағы бойынша сұрыптайды. Шағынынан үлкеніне дейін. Таза еместерін алып тастаймыз.

Өнімге деген сұраныс қазақстандық нарықта ғана емес шет елдерде де артқан. Жыл басынан құс фабрикасында алынған 62 млн жұмыртқаның 15 пайызға жуығы Ресейге экспортталыпты. Қазір кәсіпорындағылар жаңа экономикалық саясаттың арқасында экспорттауды қайта жандандырмақ.

Людмила Мухамедова – “Фирма Алекри” ЖШС құс кешенінің атқарушы директоры, Қызылжар ауданы:

– Көлем бар. Жұмыртқалардың сапасы жақсы. Біз уайымдамай-ақ бәсекелестік туғыза аламыз. Бізге қолдау көрсетіп жатқан мемлекетке алғысымыз шексіз. Үлкен көмектің арқасында біз жаңа деңгейге шығып, өндірісімізді жаңғырттық.

Солтүстікқазақстандықтардың алдағы жоспары ауқымды. Осы жылы астаналықтармен бірігіп құстың қиын қайта өңдейтін зауытты іске қоспақ. Мұның арқасында газ, электр қуаты мен тыңайтқыш өндірілмек. Қазіргі таңда нысанның құрылысы басталып кетті.

Людмила Мухамедова – “Фирма Алекри” ЖШС құс кешенінің атқарушы директоры, Қызылжар ауданы:

– Бұны біз бұрыннан бері жоспарлап жүрміз. Жобаны өз күшімізбен іске қоспақ болғанбыз, бірақ өндірісті арттырғандықтан ол қолдан келмеді. Кейін астаналық мейманар келіп жобаны бірлесіп жүзеге асыруды.

Зауыт іске қосылған жағдайда күніне құс қиының 50 тоннасын қайта өңдеу көзделуде.

Риат Шони