Спорт

“Қызыл-Жар СК” командасы оралдық “Ақжайықты” тізе бүктірді

Қыркүйектің 26-сы күні солтүстікқазақстандық спортшылар оралдың “Ақжайығына” қонаққа барды. Тартысты ойынның 18-ші минутында алғашқы болып есепті алаң иелері ашты. Алғашқы таймда есеп 1-0 болып аяқталды. Ал келесі 45-минуттықта ойын тек бір қақпаға ғана жүрді. Кездесудің 51-ші минутында қорғаушы Артем Хачатуров есепті теңестірсе, көп ұзамай Давити Чагелешвили ұпайды еселей түсті. Бұдан соң Вадим Боровский де ойынға өз үлесін қосып оралдықтардың қақпасына үшінші голды соқты. Ал шабуылша Виталий Головешкин кездесудегі соңғы нүктені қойып, есепті 1-4-ке дейін жеткізді. Бұл жеңістен кейін жерлестеріміз 37 ұпаймен бесінші орыннан 4-ге көтерілді. Ал “Қызыл-Жар СК” командасының келесі ойыны қазанның үші күні Қарасай стадионында өтеді. Онда жерлестеріміз теміртаулық “Булат АМТ” мен күш сынаспақ.

Риат Шони