Мәдениет

Н.Погодин атындағы орыс драма театры 129-шы маусымын ашты

Тимур Кәрімжанов – Н.Погодин атындағы орыс драма театрының көркемдік жетекшісі:

– Бүгінгі спектакль тарих жайлы. Сұлтан Бейбарыс қойылымын Қазақ хандығының 550-жылдығына арнадық. Оны жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтің пьесасының желісі негізінде жасадық. Спектакль көрерменге қызықты болу үшін жерлес актерлармен Маңғыстаулық қоюшы-режиссер Дина Жұмабаева жұмыс істеді. Жалпы бүгінгі кешке 1 айдан артық уақыт дайындалдық.

Қойылым Қыпшақтардың Беріш руынан шыққан Сұлтан Бейбарыстың Египет мемлекетіне жер аударылуынан басталады. Бөтен елге тар жол тайғақ кешіп келген Бейбарыс, Мысыр әміршілерінің құлына айналады. Алайда, уақыт өте келе Сұлтан өзінің батырлығымен ерекшеленіп Иса Тұран-шахтың әскербасы болады. Египет патшасының сеніміне кірген Бейбарысты Шаджар-ад-Дурут, Визирь-Хуан сынды ханның көмекшілері ұнатпай, қалай да арамдатуды ойлайды. Осыдан соң, көреалмаушылықтың буына булыққан әміршінің нөкерлері Иса Тұран-шахқа у толы сусын беріп өлтіреді. Оның өлімін әскербесы Бейбарыстан көреді. Дегенменде әділдік орнап Сұлтан Бейбарыс Мысыр елінің патша тағына отырады. Осылайша 20 жылға жақын перғауындар елін басқарады. Бірақ та өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан болу керектігін түсінген патша туған жерге оралғысы келеді. Спектакль Сұлтан Бейбарыстың Қазақ елін сағынуымен аяқталады.

Евгений Патешкин – Н.Погодин атындағы орыс драма театрының актері:

– Қойылымда мен басты рөлді ойнадым. Аса қиын болған жоқ. Бір айдан артық тынымсыз еңбек жасадық. Көрерменге ұнады деп ойлаймын.

Спектакль соңында облыс әкімі Ерік Сұлтанов театр ұжымына “Ықылас гүлін” сыйға тартты. Көрермендер болса тарихи қойылымнан мол әсер алғандықтарын айтуда.

– Маған қатты ұнады. Өте қызықты.

– Барлығын толықтай түсіндім.

Қазан айының соңында Н.Погодин атындағы орыс драма театры аталмыш туындыны Атырау қаласында өтетін халықаралық конкурста сахналамақ.

Култанов Байболат

�ке қосылған жағдайда күніне құс қиының 50 тоннасын қайта өңдеу көзделуде.

Риат Шони