Мәдениет

Көше мүсіндерін жасаушы петропавлдық шебер Константин Чайка “Балта мерекесі” деп аталған халықаралық байдауда екінші орынға ие болды.

Жалпы, барлық жұмысқа мүсінші байқаудың шартына сәйкес 3 күн уақыт жұмсапты. Солтүстікқазақстандық шебердің айтуынша бұйымды уақытында тапсыру үшін түні бойы жұмыс істеген. Жерлесіміздің қол еңбегін жоғары бағалаған қазылар алқасы “Көше мүсіншісі” аталымында екінші орынды оның қанжығасына байлап, сыйлықтар тарту еткен.

Константин Чайка – мүсінші:

 

– Мен өз туындымда мультфильмдегі басты кейіпкер -Федор Ивановичті ағаштан салдым. Жұмысым күрделі болғандықтан оны сапалы орындау қиынға соқты. Сайыстың ережесі бойынша тек балтамен ғана жұмыс жасау қажет болды. Өзімнің жеңісіме өте қуаныштымын.

Култанов Байболат