Денсаулық сақтау

28 қыркүйек- дүниежүзілік құтыру ауруына қарсы күрес күні

Александр Мельниченко- СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы:

– Тұрғындар жыл сайын ит пен мысықтарын ауруларға қарсы егіп отыруы қажет. Бұл басқа төрт аяқтыларға да қатысты. Егер жануардың сілекейі ағып, агрессия байқалса ветеринарға крсету керек. Ол аурудың себебін анықтайы. Ал егер сізді құтырған жануар тістеп алса, онда міндетті түрде дәрігерге көрініңіз. Өйткені құтырма дерті бірден анықталмаса да, бірдіндеп шығады. Еске сала кетейік, егер мұндай шаруаларды жүргізбесе онда адам қайтыс болады.

Биыл жануаралардың адамға зақым тигізуі Ғ.Мүсірепов және Ақжар аудандарында тіркелген.

Александр Мельниченко- СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы:

 

– Ағымдағы жылы зертханалық тексеріс нәтижесінде Ақжар ауданындағы ауылдардың бірінде өлген борсықтан және Ғ.Мүсірепов ауданындағы Неженка ауылында иттің құтырмаға шалдыққаны анықталды. Бұдан бөлек, 2013 жылдан бері облыстағы Шал ақын, Ғ.Мүсірепов және Тимирязев аудандарында түлкілердің осы дертке шалдыққаны байлады. Яғни, солар көбіне құтырманы жұқтырғыш жануарлар болып келеді.

Жалпы жыл басынан бері жануарлардан зардап шеккен 776 солтүстікқазақстандық дәрігерлер көмегіне жүгінген. Солардың 212-сі балалар. Олардың барлығына құтырмаға қарсы егу шаралары жүргізілген.

Магжан Ахмадина