Білім

СҚО білім беру саласындағы бақылау департаменті қоғамдық бірлестікпен келісімге отырды

Раиса Полищук – “Арадагерлер сапалы білім үшін” ҚБ төрайымы:

– Ардагер ұстаздар қолдан келгенше білім саласын бақылау департаментімен қоян-қолтық жұмыс жасауды мақсат етіп отыр. Біздің ұйым осы жылы жаз айында құрылған болатын. Екіжақты меморандумға қол қоюдың арқасында ведомство мамандарымен тығыз әріптестік орнататын боламыз.

Көп ұзамай екі тарап өзара әріптестік жөніндегі құжатға қол қойды. Облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ерлан Әбілдинов өз ісінің майын ішіп, жілігін шаққан ардагер педагогтармен бірлесіп жұмыс жасау қызметімізге мол ықпалын тигізбек, – деді.

Ерлан Әбілдинов – Солтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы:

– Біздің департамент үшін бұл құжаттың мән-маңызы зор деп есептеймін. Талай жылғы еңбек өтілі бар педагогтардың қызметімізге қосылуы жұмысымызға тың серпін береді.

Жақында құрылған департаменттің негізгі қызметі білім ошақтары мен оқу орындарын лицензиялау мен аттестаттау. Жыл соңына дейін облыстағы 214 білім беру ұйымын аттестаттау көзделіп отыр.

 

Бакыт Садуакасов