МТРА жаңалықтары

Петропавлда Қазақ хандығының 550 жылдығын ұлықтау шарасы өтті

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

– Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. Алайда одан кейін қазақтың тағдыры сан түрлі сынаққа салынды. Түрлі қиындықты бастан өткерді. Соған қарамастан мың өліп, мың тірілген қазақ халқы ақыры азаттығын алды. Сондықтан қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту- сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметтің дәлелі.

Бұдан соң аймақ басшысы отан сүйгіштікті нығайтып, рухани өсуді қамтамасыз еткені үшін және қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты ҚР «Қазақ хандығына 550 жыл» естелік белгісімен бір топ солтьүстікқазақстандықтарды марапаттады. Осындай сыйға ие болғандардың бірі- ақын, жазушы Мүталлап Қанғожин. Ол бұл мереке әсіресе жастар үшін маңызды дейді.

Мүталлап Қанғожин- ақын, жазушы, қоғам қайраткері:

– Жастардың өз тарихын біліп, құрметтеуі үшін бұл датаны тойлау өте маңызды.


Шыныменде, Кеңес заманында Қазақ хандығының шаңырағын көтеріп, айбынын асырған ұлы хандарымыз бен даңқты батырларымыздың есімдері біртіндеп ел жадынан өшіріле бастады. Ал тәуелсіздік алғалы бері, қазақ халқының өшкені жанып, өлгені тірілгендей болды. Бүгіндері еңбектеген баладан бастап барлығы елімізге егемендік әкелген тұлғалар жайлы біліп, тарихи шежірелерді оқып үйреніп жүр. Соның бір айғағы осы- Керей мен Жәнібек бастап туын көтерген Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау шаралары болып отыр. Ұлы датаны ұлықтау шаралары барлық өңірлерде, елді-мекендерде кең көлемде өткізілуде.

Берік Сапанов- Ғ.Мүсірепов ауданының мәдениет бөлімінің басшысы:

 

– Бізде көптеген іс-шаралар өтуде.

Салтанатты шара барысында қазақ хандығының құрылғандығынан сыр шертетін театрландырылған қойылымдар көрсетілді. Ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша күресіп, Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан-ғайыр жерді қазақ елі деп атап, қазығын қаққан. Кейін хандық мемлекетке жалғасып, қазір отанымыз еңсесі биік, өркендеп келе жатқан елдердің қатарында келеді.

Осылай Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға жиылған жерлестеріміз ерекше шаттықпен, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

Магжан Ахмадина