Денсаулық сақтау

Петропавлда донорлықты насихаттау бойынша флешмоб өтті

Бұл шара өз еркімен ақысыз донор атануды насихаттауға арналып отыр. Аталмыш акция бір жыл көлемінде Қазақстанның барлық қалаларында ұйымдастырылмақ. Жалпы игі іс Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мұрындық болуымен өткізілуде. Петропавлда ұйымдастырлған кеште еріктілер ретро алаңда би билеп қана қоймай, келген көрермендерге ақпараттық жадынамалар таратты. Осылайша, жоба үйлестірушілері қазақстандықтарды донорлық мәселесіне көңіл бөлуге шақыруда.

Жұлдыз Әпешева – жоба үйлестірушісі, Астана қаласы:

 

– Бұл шара бүкіл ел бойынша өткізілуде. Флешмобтан басқа дөңгелек үстелдер мен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып жатыр. Онда діни ұйымдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері шақыртылады. Мұндай акциялар қазіргі таңда өте қажет. Бұл игі іс.

Риат Шони