Қоғам

Өзге дін өкілдері мұсылмандарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады

Владимир әкей – Петропавл және Булаев епархиясының епископы:

– Құрбан айты – барша мұсылмандар үшін үлкен мереке. Оның тарихы сонау Ибраһим Пайғамбардан бастау алады. Әр жыл сайын жер бетіндегі бүкіл мұсылман жұртшылығы осы Құрбан айт мейрамын ерекше көңілмен мерекелеп келеді.

Өз кезегінде облыстың бас мүфтиі қонақтарға алғысын білдіріп, дастарқан басына шақырды. Кездесуде дін өкілдері дүние жүзіндегі ахуалды талқылап, елдегі бірлік пен достықты арттыру жайына тоқталды.

Кенжетай қажы Дүйсенбай – “Қызылжар” облыстық орталық мешітінің бас имамы:

– Қасиетті Құрбан айт мерекесімен барлық мұсылмандарды құттықтаймын. Қасиетті Құран Кәрімде сіздер Бір Алладан жаратылдыңыздар деді. Мінеки, бүгін айттың бірінші күні өзге дінбасылары арнайы келіп, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Айта кету керек, айттың алғашқы күні “Қызылжар” орталық мешіті облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған мектеп-интернат пен колледж студенттеріне ас берді.

 

Бакыт Садуакасов