Мәдениет

Облыстық қуыршақ театрында жаңа балалар спектаклі қойылды

Алексей Васильев – Облыстық қуыршақ театрының жас актері. Жастығына қарамастан өнерпаз бүгінгі спектальда төрт бірдей кейіпкердің образын сомдауда.

Алексей Васильев – Облыстық қуыршақ театрының актері:

– Мен кеште мысық, қарға және адам рөлдерін сахналаймын. Жақсы дайындалдым. Еңбегім балалардың көңілдерінен шықса болды.

Қойылым балаларға қызықты болу үшін театр әртістері күшік, қарға, мысық, шошқа сияқты рөлдерде ойнады. Бастапқыда арамза мысықтың әрекетінен күшікпен торай өзара ренжісіп қалады. Осыдан соң ақылгөй қарға екеуіне басу айтып, жөнге шақырады. Осы сәтте ақ жаулықты әже ортағы шығады. Ол жас көрермендер мен актерларға кішіпейіл болу керектігін айтады. Осылайша қойылым басты рөлдегі күшікпен торайдың достасуымен аяқталады.

Наталья Гузеева – Облыстық қуыршақ театры труппасының жетекшісі:

– Бүгінгі біздің қойылым көрерменді достыққа, татулыққа шақырады. Осы арқылы кішкентай балалардың бойына тәрбие бергіміз келеді. Олар жастайынан кешірімді, үлкенмен амандасу сияқты ұғымдарды білуі қажет. Алдағы уақытта спектальдің көлемін артырып сахнада тағы да ойнаймыз.

Жалпы театр ұжымы спектаклді 1 айға жуық уақыт дайындапты. Енді олар қазан айының ортасында аталмыш туындыны Ресейдің Омбы қаласында сахналамақ.

 

Култанов Байболат