Құқық қорғау органдары

Өңірде “Орақ-2015” жедел-алдын алу шарасы өтуде

Дулат Есімбеков – Булаев қаласы элеваторының директоры:

-Элеватор аумағында өзімізге тиесілі заттардың жоғалмауы үшін бейнебақылау құралдары орнатылған. Аумақты 21 адам тәулік бойы күзетеді. Үш бақылау бекеті бар. Бізде соңғы уақытта астық ұрлау оқиғасы тіркелген жоқ.

Тәртіп сақшылары ұры-қарыға жем болмау үшін тиісті шараларды жүргізу қажет дейді. Өйткені, қыркүйектің 1-інен өңірімізде 6 бірдей бидай ұрлау және ауыл шаруашылық техника бөлшектерінің қолды болуына байланысты 10 факті тіркелген. Сондай-ақ, жанар-жағармайдың жоғалуына қатысты 6 қылмыстық іс қозғалыпты.

Қанат Елубаев – М.Жұмабаев аудандық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің басшысы:

 

-М.Жұмабаев ауданында “Орақ-2015” жедел-алдын алу шарасы аясында шаруа қожалықтарында жанар-жағармайдың ұрлануына байланысты 4 оқиға тіркелді. Бұдан шаруашылықтарға келген шығын 120 000 теңгені құрайды. Тергеу барысында күдікті ретінде Таманское аулының 4 тұрғыны құрықталды. Қазір ұсталған азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Өңірде аталған жедел-алдын алу шарасына 700-ге жуық тәртіп сақшысы жұмылдырылған. Акция қазанның 15-іне дейін жалғасады.

Култанов Байболат