Ауыл шаруашылығы

Өңір шаруаларын қолдау

Михаил Карасев – “Прибрежное” ШҚ басшысы, Қызылжар ауданы:

-Ол – несие берудегі пайыздық мөлшерлеменің төмендігінде. Сонысымен көп ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне тиімді болып отыр. Бастысы, кредиттік серіктестік аудан орталығында орналасқан.

Ал “Широкое” шаруа қожалығы жыл сайын 500-ден астам гектар алқапқа бидай дәнін сіңіреді. Қазір орақ науқанының 70 пайызын тындырған. Қожалық басшысы Юрий Перепечин бүгінде ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіледі. Оны пайдалану арқылы өз ісіңді өрістетіп алуға болады, – дейді.

Юрий Перепечин – “Широкое” ШҚ басшысы, Қызылжар ауданы:

-Мен жергілікті несие ұйымы құрылған кезден бастап мемлекет ұсынған жеңілдетілген несиені алып келемін. Ол қаржыға картопты күтіп-баптауға қажетті кешенді қондырғыны сатып алдым. Биыл серіктестік көмегіне тағы да жүгініп, айналымға ақша алдым.

Бүгінде аудандағы “Есіл” несие серіктестігіне 59 шаруашылық мүшелік етеді. Негізінен, ауыл еңбеккерлері қаржы ұйымына жаңа техника сатып алуға жүгінеді.

Шынар Біләлова – “Есіл” кредиттік серіктестігі” ЖШС басқарма төрайымы, Қызылжар ауданы:

-Кредиттік серіктестіктен несие алу үшін кредиттік серіктестіктің мүшесі болуы қажет. Жарғылық капиталға төлем енгізіп, заң бойынша кредиттік серіктестік осы құрылымға енетін мүшелерге ғана несие береді.

Үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде теріскейлік шаруаларға 6 миллиард теңгенің қарызы берілген.

Серік Ахметбеков – “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ СҚОФ директоры:

-Бөлінген қаражаттың арқасында өңір шаруалары жанар-жағармай, элиталық тұқым сатып алды. Сондай-ақ, жеңілдетілген несиенің көмегімен диқандар уақытында егін алқаптарында зиянкестерді жою шарасын жүргізіп, жұмысшылардың жалақыларын төледі.

Жалпы биыл “Аграрлық несие корпорациясының” желісі арқылы өңірде 400-ден астам агроқұрылым несие алған.

 

 

Бакыт Садуакасов