МТРА жаңалықтары

Жаңа турбина іске қосылды

Бұл жаңа ғана іске қосылған К-63-90 турбоагрегаты. Желі станцияның қуатттылығын арттыруға септесті. Турбинаның ашылуына қатысқан өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов, жүйенің тиімділігі орасан зор деп отыр.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

-Осының арқасында жылына 223 млн КВт сағатына электроэнергия қосылып отыр. Облысымызда жаңа тұрғын үйлер мен ғимараттар салынып жатыр, сондықтан оның бәріне қосымша электр қуаттылығы керек. Ал жаңа қосылған турбоагрегат осының барлығын қамтамасыз етеді деп ойлаймын.

Айта кету керек, жаңа желі 2013 жылдан бері мұнда пайдалануға беріліп отырған осымен екінші турбина. Оның құрылысы 1 жыл 3 айда жасалып, 5,6 млрд теңге қаржы жұмсалған. Орталықта қолға алынған инвестициялық бағдарлама 2018 жылға дейін жалғаспақ. Соның арқысанда мұндағылар тозығы жеткен әлі біраз қондырғыларды жөндеп, қалыпқа келтіруді көздеп отыр.

Виктор Бармин- “Севказэнерго” АҚ 2-ші ЖЭО директоры:

-Жоспар бойынша бізге 2017 жылға дейін 4 қазандықты алмастыру қажет болатын. Оның 3-уі ауыстырылды. Тағы біреуінде шаруаларды енді бастадық. Жобаға сай, 3 турбинада да сондай жұмыстар жасалу керек болтатын. Бүгіндері екі турбоагрегатта қалыпқа келтіру шаралары аяқталып, енді соңғысына кірісеміз. Бұдан бөлек бізде өзге де қондырғыларға жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мұндай қалыпқа келтіру жұмыстарының арқасында петропавлдықтар сапалы жылумен қамтылып, қым маусымында еш қиындық көрмейтін болады.

 

 

Магжан Ахмадина