Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда Қазақстан халқы тілдерінің ХVII облыстық фестивалінің ашылуы өтті

Жандос Мадиғаш – шебер, Ақжар ауданы:

-Жылдан бері осы іспен айналысамын. Қызығушылығым 15 жасымда оянған. Қазақтың музыкалық аспаптарын жасаушы және соларды аздап зерттеушілігім де бар. Аспапты жасау бір түрлі де, оны қалай, қай жерде шықты, қандай тарихы бар бұл аса мыңызды тұстар.Аспаптың әрқайсысын жасаған кезде өң шығуына, үніне баса мән беру керек.

Аталған шараға облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты. Мерекелік жиын бастау алмас бұрын аймақ басшысы аудандардан келген этномәдени орталықтар ұйымдастырған қолданбалы өнер көрмесімен танысты. Теріскейліктердің назарына бірнеше ауданнан келген шеберлер өз туындыларын ұсынды.

Кейін өңіріміздің кішкентай тұрғындарының қатысуымен бірнеше тілді қамтыған қойылымдар сахналанды. Содан соң аймақ басшысы солтүстікқазақстандықтарды Тілдер мерекесімен құттықтап, жастарды заман талабына сай үш тілді меңгеруге шақырды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Рухани құндылығымызды байыту, мемлекеттіі тілдің мәртебесін көтеру, этностар тіліне қамқорлық жасап, этносаралық келісімді нығайту тіл саясатының басым бағыты болып табылады. Көп тілді білу – білімділіктің белгісі. Қазіргі таңда елімізде жастарға тіл үйрену үшін барлық жағдай жасалуда. Бұл – заман талабы. «Тілдің үш тұғырлығы» жобасын іске асыру мақсатында мектептерде информатика, физика, химия және биология пәндерін ағылшын тілінде оқыту қарастырылып отыр. Мұндай әдіс тілдердің пайдалану аясын кеңейтетіні сөзсіз.

Кейін бірқатар азаматтар мемлекеттік тілді дамытуға және тіл саясатын насихаттауға қосқан үлесі үшін өңір басшысының қолынан «СҚО құрмет грамотасын» иемденді. Одан бөлек, фестиваль жеңімпаздары бірнеше аталымдар бойынша марапатталып, “СҚО әкімінің алғыс хатын” алды.

Фестивальдің ашылу салтанатына ат салысқан еліміздің ертеңі – жастар болашақтарының жарқын екендігіне жиі тоқталды. Мәселен, сахнадағы мына ару жасының кішкентайлығына қарамастан қазақ, орыс және кәріс тілін жетік меңгеріпті. Және осы ұлттардың мәдениетімен де таныс екен.

Әсел Абдраимова – Ж.Тәшенов атындағы №20 орта мектеп оқушысы:

-Менің отбасым интернационалды. Әкем-қазақ, анамның ұлты – кәріс. Мен қазіргі таңда қазақша, орысша және кәріс тілінде сөйлеймін. Кішкентай кезімде мен Кореяда тұрғанды армандайтынмын. Өйткені маған кәріс асханасы мен дәстүрлері қатты ұнайды. Бірақ та мен өз туған Қазақстанымда тұрғанды қалаймын.

Бүгінде ұлты кәріс Әсел Абдраимова сынды мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, оның мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттап жүрген жастар саны елімізде күн санап артуда. Тіпті, кейбірі шетел асып біліктіліктерін шыңдамақ.

Александра Назаренко – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

-Елбасымыз айтқандай, қазақ қазақпен қазақша сөйлессін деген болатын. Мен Президентімізбен толығымен келісе отырып, орыстар да қазақстармен қазақша сөйлессе екен деймін. Мен үш тілді еркін меңгерген студент ретінде жақында Польшаға кетемін. Ол жақта мен ағылшын тілін жетік меңгеретін боламын.

Сондай-ақ, салтанатты шараға респубикалық «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» тарихи-мәдени экспедициясының қатысушылары келген. Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған сапар еліміздің Солтүстік, Оңтүстік, Батыс және Шығыс өңірлерін қамтымақ. ҚХА-ның бұл жобасы қыркүйектің 11-нен бастау алған болатын.

Мағжан Сағымбай – «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясының қатысушысы:

-Біз көп жерді аралап үлгердік. Жоспарланған 6 мың км-дің 1500-і артта қалды. Тарихи жерлермен танысып, алған мәліметтерімізбен ғаламтор арқылы халықпен бөлісіп отырдық. Солтүстіктің энеолит дәуірінен келе жатқан «Ботай» тұрағында да болдық. Өте керемет. Жалпы әр азамат өз тілін, тарихын білу парыз ғой.

Тілдер мерекесі концерттік бағдарламаға ұласты.

 

 

Айгерим Ержанова