Білім

Облыс орталығында денсаулық апталығы аяқталды

Әртістер Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібекті сондай ақ, тарихта есімі алтын әріптермен жазылған Абылай ханның образын сомдады.
Бұдан кейін қаз-қатар тізілген студенттер мен оқытушыларды және қонақтарды білім ордасының директоры Күлфарида Раисова құттықтады.

Күлфарида Раисова – химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры:

-Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстанған бағытында шәкіртерге сапалы білім беріп қоймай, салауатты өмір салтын ұстануда бар. Осындай шаралар арқылы денсаулығымызды жақсартпақпыз.

Қазір оқу ордасында 456 студент білім алуда. Бүгінгі денсаулық апталығына сол шәкірттердің барлығы қатысуда.

Мадияр Шүкенов – химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып студенті:

-Біз мұнда футбол, волейбол ойнап сайысқа түсеміз. Салауатты өмір салтын жақсарту үшін осындай шаралар дұрыс өткізілуде.

Салтанатты жиыннан соң мектеп студенттері 28 топқа бөлініп, әр спорт түрінен сынға түсті. Онда жасөспірімдер футбол, баскетбол тағы да басқа сайыстарға қатысты.

 

 

Култанов Байболат