Қоғам

Кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нұрпейісовті емдеуге қаржылай көмек қажет

Алайда, бұл диагноз расталмай шықты. Шындығында, Азамат Нұрпейісовтің өкпесінде қатерлі ісік табылды. Және ол дертін уақыт созып жүріп асқындырып алған. Спортшы мұны бірнеше күн бұрын ғана білді. Бүгінде оның денсаулығына беделді азаматтар мен қазақстандық шоу-бизнес өкілдері алаңдаушылық білдіруде. Солардың қатарында Баян Есентаева да бар.

Продюсер жақында өз блогына “Сайыстарда Қазақ елінің туын көкке желбіреткен біздің жеңімпазымызды бірігіп қалай да құтқарып қалайық”- деп жазып, алты Алашқа үн тастапты. Кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нұрпейісовтің орда бұзар шағында мұндай жағдайға тап боларын туғандары да сезбесе керек. Осы күні спортшының туысқандары мен жақындары жаны жайсаң азаматтардан қаржылай көмек сұрайды. Егер қол ұшын беремін десеңіз Халық банкте Азамат Нұрпейісовтің атына жеке есепшот ашылған. Оның нөмірі телеэкранда көрсетілген.

Бибігүл Умбаева, Азамат Нұрпейісовтің әпкесі:

-Қазір інімнің денсаулығы өте нашар. Бізге Алматыдағы онкологиялық орталыққа барып емделуге квота бөлінді. Оның қатерлі ісіктен айығып кетеріне үмітім зор. Мен алдын ала бауырым Азаматқа жақсылық жасаған адамдарға алғысымды айтамын.

Берик Касен