Құқық қорғау органдары

“Тілемсек” жедел-алдын алу шарасы аяқталды

Сондай-ақ, тәртіп сақшыларының назарына бір уақытта тілемсек-балгерлермен қоса белгіленбеген жерлерге өз нүктелерін орнатқан саудагерлер де ілікті. Аталған заңбұзушылық бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 204-бабына сай ескерту немесе 5 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Қоса кетейік, ІІД-нің әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, аталмыш рейд қолға алынғалы бері оңай жолмен ақша табам деген 127 тұлға қолға түскен.

Акбопе Танирберген