Қоғам

Петропавлда Тілдер күніне арналған әдеби-сазды кеш өтті

Владислав Вьюхов – Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектептің 11-сынып оқушысы:

– Бұл өлеңді үйренгеніме бірнеше жыл болды. Патриоттық ән болғандықтан өзіме қатты ұнайды. Мен оны мектептегі іс-шараларда жиі орындаймын. Алдағы уақытта қазақ тіліндегі осы сынды өлеңдерді тағы да үйренсем деймін.

Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған әдеби-сазды кеште қала мектептерінен жиналған 9 оқушы өнер көрсетті. Қатысушылардың араларында елімізді мекен еткен өзге ұлт өкілдері де бар.

Қайыржан Мәлікова – С.Мұқанов атындағым облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері:

– Шараның басты мақсаты – қаламызда тұратын өзге ұлтардың тілдерін құрметтеу. Елімізде өмір сүріп жатқан халықтарды мемлекеттік тілге деген ыстық сезімдерін қалыптастыру болып табылады.

Шара барысында кешке дайындалған әр өнерпаз Отан, тіл, достық пен татулық жайлы ән шырқап, өз жандарынан шығарған өлең шумақтарын оқыды.

Осыдан соң жиын қатысушылары мен қонақтарЫ “Тіл – достық, келісім арқауы” атты кітаптар көрмесін тамашалап тарқасты.

Култанов Байболат