МТРА жаңалықтары

СҚО-да экономикалық даму көрсеткішінде өсім байқалады

Жергілікті статист мамандардың берген мәліметіне қарағанда, жыл басынан құрылыс жұмыстарының ауқымы 45,5% ға, ал негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 39,9 %-ға ұлғайған. Қаражаттың басым көпшілігі – 70 %-ы жеке қожалықтардың үлесінде. Ауыл шаруашылығы саласында жалпы ішкі өнімнің көлемі 66,4 млрд теңгені құрады. Бұл өткен 7 айымен салыстырғанда 4,4% -ға жоғары. 7 ай көлемінде өндірістік кәсіпорындарда 103,8 млрд теңгенің тауары шығарылды. Биыл құс еті, печенье, кондитерлік өнімдер былтырға қарағанда көп әзірленді. Дайын метлл, тоқыма, резина және пластмасса бұйымдарының өндірісі екі, үш есеге артқан. Осы күні 280 нысанның құрылысы аяқталды. Оның 264-і тұрғын үй. Бөлшек сауда көлемі 0,6%-ға өскен.