Аптадағы маңызды жаңалықтар

РФ Сочи қаласында 12-ші өңіраралық форум өтуде

Тахир Балықбаев – ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

– Екі ел арасындағы әріптестік пен достастықты нығайту үшін мұндай форумдардың өткізілуі маңызды. Мәселен, бүгін тыңдаған жаңа идеялар мен жаңа жобаларды болашақта өз ісімізде пайдаланбақпыз.

Сондай-ақ, екі елдің 10-ға жуық кәсіпорны «Азық-түлік қауіпсіздігі» деп аталатын ғылыми-зерттеу жобаларының көрмесіне өз өнімдерін қойған екен. Олардың қатарында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ магистранты Қуантай Қиянбековтің еңбегі де бар.

Қуантай Қиянбеков М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Менің жобам биогумус өндіру тақырыбына арналған. Яғни, жаңбыр құрттарын қолдану арқылы органикалық қалдықтарды өңдеуге болады. Бұл технология картоп егуде ұтымды болмақ.

Одан бөлек, екі елдің өкілдері азық-түлік қауіпсіздігі мен болашақ энергиясы туралы шеберлік сыныптарына қатысты.

Пленарлық сессияда Еуразиялық-экономикалық одақ аясындағы жастар кәсіпкерлігі мен бизнесті дамыту мәселелері көтерілді. Форум қатысушылары бұл бығытта жас азаматтардың алатын рөлі басым екенін атап өтті.

Михаил Федоров, Орал мемлекеттік экономикалық университетінің ректоры:

– Бүгінгі технология мен техниканың дамыған заманында ауылдарды қалай сақтап қалуға болады?”,- деген сұрақ туындайды. Мысалы, заманауи техникалардың арқасында бірнеше адаммен бірлесе отырып жоғары деңгейде астық өндіруге және елді мекендерді жандандыруға мүмкіндік бар. Бүгін біз бұл тұрғыдағы 21-ғасыр жастарының ойын білмекпіз.

Шара соңында қос елдің өкілдері екіжақты әріптестік туралы құжатқа қол қойды.