Қоғам

Өңірдің статист мамандары 7 айды қорытындылады

Осы күні Қазақстанның солтүстік аймағында 507 мыңнан астам адам тіркелсе, оның 43 %-ы қалаларда тұрады. Бірінші жарты жылдықта 4 мың 700-ден астам сәби дүние есігін ашып, керісінше 4 мың 200-ге жуығы мезгілсіз көз жұмды. 2000-нан аса жұп некелесіп, 1 мың 100-ден астам қосақ ажырасып тынған. Осы күні аймағымызда 1650 тұрғын жұмыссыздар ретінде есепте тұр. Үстіміздегі жылы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы халықтың орташа жан басына шаққанда 12 %-ға өсті. Осылайша, азық-түлік қоржынының құны 11 мың 617 теңгені құрады. Статист мамандардың мәліметінше, тамыз айында қант және кондитер өнімдеріне, алкогольсіз сусындарға, балық және теңіз өнімдерінің бағасы жарты %-ға көтерілген. Керісінше, бүгінде жеміс және көкөністер, сүт өнімдері мен жұмыртқа біршама арзандапты.

Берик Касен