Қоғам

Петропавлда Отбасы күніне арналған конференция өтті

Елена Балло – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Отбасы – әр адамның ең басты байлығы. Еліміздің тірегі десем де болады. Жаняда сыйластықта өмір сүру қажет әрі жақындарыңның қадірін білу керек.

Мерекелік жиында бірқатар жанұялар марапаттарға ие болды. Олардың арасында ұзақ жылдар бір шаңырақ астында отасқан жұптар, интернационалды, көп балалы жанұя өкілдері бар. Солардың бірі – Деймондттар отбасы. Отағасы мен отанасының некелескендеріне 50 жыл болған екен.

Евгения Деймондт:

– Біздің отау құрғанымызға – міне, жарты ғасыр. Осы уақыт ішінде 2 бала тәрбиелеп өсірдік. Олар өз жанұяларын құрды. Немере сүйіп отырмыз. Осындай мереке қарсаңында марапатқа ие болғанымызға қуаныштымыз.

Жиын соңында әр отбасыға бағалы сыйлықтар таратылып, қаламыздың өнер ұжымдары мерекелік концерт қойды.

Култанов Байболат